Мектептің ішкі тәртіп ережелерін қамтамасыз ету қағидалары. Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі.
Ішкі тәртіп ережелерін, білім беру ұйымының Жарғысын сақтау
Басқа білім алушылардың, мектеп қызметкерлерінің құқықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу
Тәртіпті болу, мектепте және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтау, мектеп формасына қойылатын талаптарды орындау
Физикалық қысым, қорқыту мен қорлаудан, басқаларға қатысты кемсітушілік әрекеттерден аулақ болу
Сабаққа кешікпеу
Кезекші әкімшінің, сынып жетекшісінің немесе медбикенің рұқсатынсыз сабақтан шығуға болмайды
Үзіліс кезінде мектеп аумағынан шықпау
Оқуға және басқа да сабақтарға саналы түрде қарау, оқу орнында тәртіп сақтау
Тәртіп бұзушылық фактісі мектеп әкімшілігімен қаралады
Тәртіп бұзушылар мектепішілік есепке (БЖТ) алынады
Тәртіп бұзушылық қайталанған жағдайда білім алушылар Педагогикалық Кеңесте қаралады
Қасақана тәртіп бұзушылық орын алған жағдайда іс кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберіледі
«Білім туралы» ҚР Заңы, 5-бабының 39-тармағы: Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы: Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар бекітілген.
ҚР «Білім туралы» Заңының 47-бабының 15-1-тармағы: Оқушылар білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті.
ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 409-бабының 2-тармағы: Ата-аналар немесе өзге де заңды өкілдеріне заңнама нормаларын сақтамаған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады.
Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден аспырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі
Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі
Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді
Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды