58bilim

№58 мектеп-гимназия

📋 Біз туралы

Жұмыс жоспары

Астана қаласы әкімдігінің «Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК — 2025–2026 оқу жылына арналған мектептің жұмыс жоспары

Әдістемелік жұмыс

Әдістемелік жұмыс тақырыбы:

Цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту — табысты мектеп кепілі

Әдістемелік жұмыс — бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған.

🎯 Мақсаты
  • Бағдарлама идеялары негізінде сыныпта тиімді оқу үдерісін ұйымдастыру жолдарын айқындау, оқушыларға қолдау көрсету әдістерін зерделеу
  • Әріптестермен мақсатты басқаруға және кәсіби тәжірибені жетілдіруге үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету
  • Кәсіби құзыреттілігін жетілдіре коучинг пен тәлімгерлік үдерісті іске асыру
  • Мектеп өміріне мұғалімдерді өзгертуге бағытталған жұмыстарды анықтау
  • Мұғалім-көшбасшылардың білімімен дағдыларының ауқымын кеңейтудегі қажеттіліктерін қанағаттандыру
  • Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру
📌 Міндеттері
  • Мұғалімдердің кәсіби қызметінің бірыңғай талаптары арқылы құзіреттілік деңгейлерін анықтау
  • Мұғалімдер арасында сапалы және сенімді ынтымақтастық қарым-қатынас орната жұмыс жасауға бағытталған тәжірибемен ой бөлісу
  • Мұғалімдер топтық жұмыстың тәсілдерін тиімді қолдана оқыту мен оқудағы инновациялық үдерістердің енгізілуіне қолдау көрсету
  • Ынтымақтастық пен ықпалдастықты дамыта өзара сенімділікпен қолдауды таныту
  • Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту
  • Оқу жоспарлары мен бағдарламарын жетілдіру
  • Оқу құралдарының мазмұнын дайындау және жаңарту
  • Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуін жетілдіру
  • Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау
  • Оқытудың әдіс-формаларын жетілдірудің тиімді жолдарын іздестіру
✅ Күтілетін нәтиже
  • Мұғалімдер бағалау түрлерін ажыратады, қалыптастырушы және жиынтық бағалауды өз тәжірибесіне қолдана біледі
  • Командалық жұмыс жолға қойылады, мұғалімдер өзара тәжірибе алмасу арқылы кәсіби дамиды
  • Мұғалімдер кәсіби және желілік қоғамдастықта тәжірибесін формативті бағалау арқылы сыни сараптама жасай алады
  • Оқушылар бағалаудың рөлін түсінеді, өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады
  • Мұғалімдердің педагогикалық қызметін тиімді жоспарлау арқылы оқушылардың білім сапасын көтеруге қол жеткізеді
  • Сыныптағы зерттеу сабақтары арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамытады
  • АКТ арқылы ұстаздардың кәсіби өсуін қамтамасыз ете отырып, білім сапасын бағалаудың тиімді механизмін қалыптастырады
  • Желілік байланыстарды дамыту арқылы оқыту тәжірибесімен алмасудың тікелей тетігін қамтамасыз етеді

Аналитикалық қызмет

1

Оқу жоспарларының үлгілік оқу жоспарларына сәйкестігін талдау. Әрбір пән бірлестігінің тамыздағы пәндік секциялар бойынша жаңашылдығын, ерекшеліктерін талдау

ДОЖЖ орынбасарлары, Бірлестік жетекшілеріОқу бағдарламалары, КТЖ, ҚМЖ
2

«0»-дік білім кесінділерінің нәтижесін талдау — оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау

Мектеп әкімшілігіДиаграмма, Мониторинг
3

1-5 сынып оқушыларының мектепке бейімделуін талдау — оқушылардың сенімділігін, мінез-құлық, эмоциялық сфера дағдысын психологиялық тұрғыдан қалыптастыру

ДОЖЖ орынбасарлары, Бірлестік жетекшілеріПедагогика-психологиялық консилиум
4

Бейінді оқытудағы элективті курс пен таңдау пәндерінің үйлесімді ұйымдастырылуы

Бейіндік оқыту орынбасарыХаттама, Іс-шаралар
5

7-11 сынып оқушыларына мамандыққа бағыттау мақсатында ерте кәсіптік бағдар беру жұмыстарының жүргізілуін бақылау қорытындысы

ҚарашаБейіндік оқыту орынбасарыТест, Мониторинг
6

PISA, ББЖМ дайындық жұмыстарының жүргізілу деңгейін, сынақ тестілерінің қорытындысын талдау

Апта сайынДОЖЖ орынбасарларыТест, Мониторинг, Сараптама
7

Үйден оқытылатын оқушыларға сабақ беретін пән мұғалімдерінің сабақтарын талдау

Ай сайынДОЖЖ орынбасарлары, Бірлестік жетекшілеріРефлексиялық есеп
8

Ерекше білім беруді қажет ететін оқушылардың құжаттарын реттеу, жұмыс барысын талдау

Тоқсан сайынДОЖЖО, Мектеп психологыОқу жұмыс жоспары
9

Мектепішілік пәндер олимпиадасының қорытындысын талдау — жеке адамның дарындылығын таныту

Қаңтар, МамырДОЖЖО, Бірлестік жетекшілеріХаттама, Бұйрық
10

Оқушының білім сапасына әсер ететін жеке басының ерекшеліктерін есепке алу, 1 сабақтан «3» немесе «4» алған оқушылармен жұмыс

Тоқсан сайынДОЖЖО, Бірлестік жетекшілеріАнықтама, Сараптама
11

Білім алушылардың оқу жетістіктерінің бағаланылуын талдау

Тоқсан сайынДОЖЖОМониторинг
12

Әдістемелік жұмыстың І жартыжылдықта атқарылған жұмыстарды талдау

І жарты жылдықтан кейінДОЖЖОРефлексиялық есеп
13

«Зерде» ғылыми жобалар байқауының қорытындысы (2-7 сынып)

МерзіміндеБірлестік жетекшілеріМониторинг, Сараптама
14

Инновациялық бағыттағы жұмыс деңгейін жинақтау

Ай сайынБірлестік жетекшілеріТренинг, конференция, семинар
15

Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды қорытындылау (І жж. бойынша)

І жж. қорытындысынан кейінБірлестік жетекшілеріМониторинг
16

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру — себепсіз қалған оқушы анықтау

Апта сайынМектеп әкімшілігіРейд, Анықтама
17

І жарты жылдық қорытындысы бойынша оқу-тәрбие жұмысының қорытындысы

ДОЖЖОМониторинг
18

Қалалық пәндік олимпиада қорытындысы — дарынды балаларды анықтау

МерзіміндеБірлестік жетекшілеріМониторинг, Анықтама

Ақпараттық қызмет

1

Білім беру стандарты, күнтізбелік жоспарды жасауға қолданылатын бірыңғай талаптар, 2025-2026 оқу жылының әдістемелік нұсқау хатпен танысу

ТамызДОЖЖОХаттама, Ұсынымдар
2

Барлық пәндер бойынша оқу бағдарламаларының толық қамтылуын қамтамасыз ету

ТамызДОЖЖОКүнтізбелік жоспарлар, авторлық бағдарламалар
3

Үйірме, элективтік курс, таңдау пәні сабақтарының ұйымдастырылуы (ҚРБЖҒМ 2013ж 03.04 №115 бұйрығы)

ТамызДОЖЖОЖұмыс жоспарлары, Бұйрық
4

«БЖБ, ТЖБ тапсырмаларын әзірлеуде сараптама жасай алудың тиімділігі» тәжірибе алмасу

МерзіміндеДОЖЖОДөңгелек үстел
5

Тоқсан қорытындысы бойынша білім стандарты талаптарының орындалысын бақылау

Тоқсан сайынДОЖЖОМониторинг, Сараптама
6

ҰБТ-ге дайындау барысы, өзара тәжірибе алмасу

Апта сайынБейіндік оқыту орынбасарыТренинг, Коучинг
7

Педагогикалық кадрлардың аттестациядан өтуін рәсімдеу

МерзіміндеДОЖЖОҚұжаттар, Бұйрық

Ұйымдастырушылық қызмет

1

ӘБ жетекшілерінің 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту

ҚыркүйекДОЖЖОЖұмыс жоспары, Бұйрық
2

Әкімшіліктің және мұғалімдердің мерзімді курстарға қатысуын ұйымдастыру жоспарын құру

МерзіміндеДОЖЖОКурс, Семинар
3

Педагогикалық қызметкерлердің сапалық құрамы базасын даярлау

Қыркүйек, ҚаңтарДОЖЖОБұйрық, Есепке алу журналы
4

Пән кабинеттерінің оқушылардың білімін арттырудағы рөлін анықтау, талапқа сай жабдықталуы

Ай сайынДОЖЖОАнықтама
5

Бірлестік жетекшілерінің жұмыс жоспарларының талапқа сай жүргізілуі

Тоқсан сайынДОЖЖОРефлексиялық есеп
6

Зертханалық-сарамандық жұмыстар, бақылау жұмыстарының кестесін алу, циклограммасын шығару

МерзіміндеДОЖЖОСабақ кестесі, Циклограмма
7

Серіктес мектептер жұмысын жетілдіру, мектепішілік желілік қоғамдастық жұмысын ұйымдастыру

МерзіміндеБейіндік оқыту орынбасарыШебер сынып
8

Мұғалімдер іс-тәжірибесін тарату жұмыстарын ұйымдастыру

МерзіміндеБейіндік оқыту орынбасарыЖинақ кітапша
9

Курстан кейінгі қолдау — мұғалімнің шығармашылық әлеуетінің дамуына ықпал ету

МерзіміндеБірлестік жетекшілеріТаныстырылым
10

Жаңа технологиямен жұмыс жасайтын мұғалімдердің жеке жетістіктері, оқушыларының жетістіктерін жинақтау

Ай сайынБейіндік оқыту орынбасарыҚұжаттар
11

Мұғалімдердің өзара сабақтастық байланысын ұйымдастыру

Тоқсан сайынБейіндік оқыту орынбасарыЖоба сабақ
12

Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстарын үйлестіру

Тоқсан сайынДОЖЖОТест, сұхбат, тренинг
13

Kundelik.kz тексеру, бағалардың уақытылы енгізілуі мен толтырылуын қадағалау

Апта сайынДОЖЖОҰсынымдар, Күнделік.kz
14

Қалалық педагогикалық оқуға мұғалімдерді қатыстыру

СәуірБейіндік оқыту орынбасарыПедагогикалық оқу байқауы
15

Мектепішілік ғылыми жобалар өткізу (8-11 сынып)

АқпанБейіндік оқыту орынбасарыҒылыми жобалар байқауы
16

Аралық және қорытынды аттестаттау (ҚР БЖҒМ 2008ж 18.03. №125 бұйрығы)

МерзіміндеМектеп әкімшілігіСараптама, Ақпараттық құжаттар
17

«Үздік аттестатқа» үміткер білім алушылармен жүргізілетін жұмыс бағытының орындалысы

ЖелтоқсанМектеп әкімшілігіҚұжаттар жинақтау
18

«Үздік әдістемелік бірлестік» байқауы

НаурызБейіндік оқыту және ДҒӘЖЖ орынбасарыБайқау

Мектепішілік онкүндіктер

2025-2026 оқу жылында ұйымдастырылатын пәндік онкүндіктер — оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, мұғалімдердің кәсіби дамуына жағдай жасау:

1

Математика, физика, информатика пәндері

Қараша · Бірлестік жетекшісі: Зейналы А.
2

Ағылшын тілі пәні бірлестігі

Қаңтар · Бірлестік жетекшісі: Султанова М.К.
3

Орыс тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі

Бірлестік жетекшісі: Абдильдина А.С.
4

Тарих, құқық пәндері бірлестігі

Ақпан · Бірлестік жетекшісі: Мұратова А.А.
5

Музыка, көркем еңбек пәндері бірлестігі

Наурыз · Бірлестік жетекшісі: Серикова Ж.У.
6

АӘД, дене тәрбиесі пәндері бірлестігі

Наурыз · Бірлестік жетекшісі: Долкей Ш.
7

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі

Сәуір · Бірлестік жетекшісі: Каденова Ж.Ж.
8

Жаратылыстану пәндері бірлестігі

Сәуір · Бірлестік жетекшісі: Хурмет Г.
9

Бастауыш сынып бірлестігі

Бірлестік жетекшісі: Еменова А.Б.

Кәсіби байқаулар

2025-2026 оқу жылында ұйымдастырылатын мектепішілік кәсіби байқаулар:

💻

Педагогикалық хакатон

Цифрлық білім беру ресурсын тиімді қолдану

Қыркүйек–Қазан
📖

Педагогикалық оқулар

Мұғалімдерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту

Қаңтар

Үздік жас маман-2026

Жас мамандардың біліктілігін арттыру

Сәуір
🏆

«Үздік әдістемелік бірлестік»

Әдістемелік қызметтегі озық тәжірибе

Байқау

Әдістемелік тақырыптар

2025-2026 оқу жылында ұйымдастырылатын әдістемелік тақырыптар:

1

ЖИ негізделген тәсіл сабақта да, сабақтан тыс уақытта

Қазан · STEM/STEAM технологияларын тиімді қолдану · Бірлестік жетекшілері

2

Білім берудің трендтері

Қараша · Оқытудың интербелсенді әдістерін күнделікті сабақта қолдану · Бірлестік жетекшілері

3

Цифрлық білім берудің оң мүмкіндіктері

Қаңтар · Жасанды интеллект арқылы табысты оқыту мүмкіндіктері · Бірлестік жетекшілері

4

Мұғалім тәжірибесіндегі зерттеу

Сәуір · Зерттеу сабақтары жүргізу · Зерттеуші топ

5

Оқу мақсатына сай тиімді таңдалған саралау әдістері

Сәуір · Саралау тәсілдерін дұрыс таңдау · Бірлестік жетекшілері

Кеңес беру (консультациялық) қызмет

1

Оқудағы кедергілерді анықтау. Оқушыларды ынталандыру жолдарын ұсыну

ҚарашаДОЖЖОКоучинг
2

Сыныптағы оқу үдерісі мен ондағы өзгерістерді басқару жолдары

ЖелтоқсанБейіндік оқыту орынбасарыШебер сынып
3

Сабақты тиімді жоспарлаудағы белсенді әдістер мен идеялар

ҚаңтарБейіндік оқыту орынбасарыСеминар, Кәсіби сұхбат
4

Оқушылардың көшбасшылық қасиеттерін қалыптастырудағы мұғалімнің рөлі

НаурызБейіндік оқыту орынбасарыТанымдық шаралар
5

Ата-аналармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру жолдары

СәуірДТЖЖОКоучинг, Анықтама
6

Оқытуда мұғалімдердің тиімді кері байланыс беру тәжірибелерімен бөлісу

МамырДОЖЖО, Ердеханова С.С.Рефлексиялық есеп
ℹ️

Жұмыс жоспары «Ілияс Жансүгіров атындағы №58 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-ның 2025-2026 оқу жылына бекітілген.