Лауазым
Математика пәні мұғалімі
Бірлік саны
1 бірлік
Жүктеме
16 сағат
Оқыту тілі
Қазақ тілі
Санаты
«педагог-сарапшы» / «педагог-зерттеуші»
Орташа айлықақы
240 000 – 300 000 ₸
Функционалды міндеттер:
1
Оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес және «Құндылықтарға негізделген білім беру» тұжырымдамасының негізінде оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады
2
Білім алушы мен тәрбиеленуші тұлғасының жалпы мәдениетін қалыптастыруға және оның әлеуметтенуіне ықпал етеді, білім алушының жеке қабілеттерін анықтайды және дамытуға ықпал етеді
3
Оқу бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады, оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес олардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз етеді
4
Білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке қабілеттерін, қызығушылықтары мен бейімділігін зерттейді
Біліктілікке қойылатын талаптар:
✓
Тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі
✓
Тиісті бейін бойынша педагогикалық білімі болуы тиіс (жұмыс өтіліне талап қойылмайды)
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі:
1
Конкурсқа қатысу туралы өтініш (қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып)
2
Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат
3
Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (тұрғылықты мекенжай мен байланыс телефондары)
4
Білімі туралы құжаттардың көшірмелері (педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес)
5
Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі
6
Денсаулық жағдайы туралы анықтама (ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығы бойынша нысан)
7
Психоневрологиялық ұйымнан анықтама
8
Наркологиялық ұйымнан анықтама
9
ҰБТ сертификаты немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда)
10
Кандидаттың толтырылған бағалау парағы (нысан бойынша)
⏰
Құжаттарды қабылдау мерзімі
2026 жылғы 04 наурыз – 15 наурыз аралығында (7 жұмыс күні)
ҚР БҒМ-нің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығының 106 тармағына сәйкес